top of page

Құрманғазы Сағырбайұлы (1823 – 1896)

"Құрманғазы атындағы балалар шығармашылығы орталығы" Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен егемендік алған Физулиде қазақ халқының əзербайжан халқына деген сыйлығы, достықтың, құрметтің жəне екі елдің арасындағы ынтымақтастықтың белгісі. Қазақтың ұлы халық музыканты, композиторы, домбырашысы, күйлер авторы Құрманғазы Сағырбайұлының құрметіне аталған бұл нысан Физули қаласының балалары үшін əлемдік деңгейдегі шығармашылық орталығына айналуға тиіс.

Құрманғазы Сағырбайұлы (1823 – 1896) Қазақтың халық музыканты, композитор, домбырашы, күйлердің авторы

1823 жылы Бөкей Ордасы, Жиделі шатқалында (қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы), Сағырбайдың отбасында дүниеге келген. Құрманғазы бала шағынан ауылға келген күйшілерді ұйып тыңдайтын, олардың арасында күйші Ұзақбекке деген ықыласы ерекше еді. Ол баланың музыкаға деген ерекше қызығушылығын байқап, зор болашағы бар екенін болжаған. 18 жасында Құрманғазы туған ауылынан кетіп, ер аралап күйші болады. Сайыстарға қатысып, шеберлігін дамытады, атақты домбырашы болуға ұмтылады. Құрманғазы Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов Жəңгір хан мен отаршыл үкіметке қарсы бастаған халық көтерілісінің куəгері болды. Оның алғашқы күйлерінің бірі "Кішкентай" күйі осы оқиғаға арналған. Байларды ашық сынағаны үшін композитор жиі қуғын-сүргінге ұшырады, бірнеше рет түрмеге де отырып шықты. Халық тағдыры, бостандық пен тəуелсіздік туралы ойларын "Алатау" жəне "Сарыарқа" күйлері арқылы жеткізген. Оның əйгілі "Адай" күйі – замандастарының мызғымас рухы мен энергиясының нағыз көрінісі. Құрманғазы шығармашылығының шыңы – кең байтақ қазақ даласын cуреттейтін "Сарыарқа" күйі. Сол кездегі музыкалық техниканы дамытқан Құрманғазының домбырада ойнауының ерекше тəсілдерін оның шəкірттері мен ізбасарлары мұқият қабылдап, жалғастырды. Олардың арасында Махамбет Өтемісов, Дина Нұрпейісова, Ерғали Есжанов жəне басқалар бар. Құрманғазы 1896 жылы қайтыс болды. Ресейде, Астрахан облысының қазіргі Володар ауданы, Алтынжар ауылында жерленген. Қазіргі уақытта Құрманғазының 60 күйі сақталған.

bottom of page